Қазақстан • 13 Мамыр, 2021

Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт құтты болсын! Адамзат баласын сабыр мен кешірімге, қанағат пен қайырымға шақырып, рухани жаңаруға үндейтін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Осы айда ораза ұстап, амал жасаған барша азаматтардың дұға-ниеттерінің қабыл болуын тілеймін.

Ораза айтта – әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жандарға кеңінен қолдау көрсетіп, сауабы мол игі істер жасайды. Өкінішке орай, биылғы Ораза айт да карантиндік шектеулер жағдайында келіп тұр. Қажетті сақтық шараларын сақтап, төзімділік танытсақ, келер жылдың Ораза айтын қалыпты жағдайда қарсы аламыз деп үміттенемін.

Өкпе-ренішті ұмытып, қате-кемшіліктерді кешіруге үндейтін Ораза айтында баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-береке тілеймін. Халқымыздың бірлігі нығайып, рухани ынтымағы арта берсін. Айт мүбәрак болсын!», деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03