Қырғыз үкіметінің Баткен облысындағы өкілетті өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрмыстық жағдай бойынша келіспеушілік Баткен ауданы, Кыштут ауылдық округі Сай ауылы мен Өзбекстан Республикасының Сох ауданы Чашма ауылының тұрғындары арасында туындаған.
Көп ұзамай шекара аймағына екі елді мекеннің тұрғындары жиналды.
«Оқиға орнына екі елдің құқық қорғау органдары мен жергілікті биліктің өкілдері келді. Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қақтығыстар бейбіт жолмен шешілді», деп хабарлады елшілік.
Сох және Баткен облыстарының құқық қорғау органдары оқиғаны тексеріп жатыр. Облыстық әкімшіліктің мәліметіне сенсек, қазір қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдай тұрақты.