Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Атырауда трамодол дәрісін заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда трамодол дәрісін заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 мамыр күні 36 жастағы әйелдің 60 дана трамадол, 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргенін анықтаған.

«Қазір аталған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» дерегімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.