Экономика • 14 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 3,4 есеге артты

551 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Скиннаримен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 3,4 есеге артты

Оған Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сәбитқызы Сартбаева қатысты.

Қазақстан мен Финляндия арасында әріптестік өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың тиімді тетігі жолға қойылған. Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеуде.

- Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-наурызда $111,2 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. Қазақстаннан Финляндияға экспорт 2021 жылдың бірінші тоқсанында 80,8 есеге өсіп, $86,4 млн құрады. Сонымен қатар, Қазақстан-Финляндия қарым - қатынастарының нығаю перспективасы бар, - деді Б. Сұлтанов. 

Қазақстандық өндірушілердің артықшылықтары туралы айта отырып, Бақыт Сұлтанов елімізде 60-тан астам органикалық өнім өндірушілер туралы хабарлады. Олардың бір бөлігі қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың уәкілетті органдарында аккредиттеуден өтуде.

Әңгіме барысында министр Финляндияның жоғары технологиялар саласындағы жетістіктерімен танымал екенін және Қазақстан осы салада тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

- Қазақстан тиімді, ыңғайлы географиялық жерде орналасқан, шекаралас елдердің нарықтарына қол жеткізе алады. Қазақстан аумағында 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Инвесторлар үшін жеңілдіктер бар, үкімет инвесторлардың құқықтарын қолдауға және қорғауға кепілдік береді. Фин инвестицияларын тарту үшін «Қорғас» ШЫХО әлеуетін пайдалануды, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме-бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде пайдалануды ұсынғым келеді, - деді Сауда және интеграция министрі.

Өз кезегінде Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі В.Скиннари Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы қарым-қатынастар аясында, сондай-ақ еуропалық қауымдастықпен ынтымақтастық аясында бизнес пен сауданы дамыту мәселелерін талқылауға келгенін атап өтті.

- Біз Финляндияның жетекші компанияларының өкілдерімен ынтымақтастықтың нақты нұсқаларын талқылау үшін келдік. Финляндияның жоғары технологияларын ескере отырып, біз ынтымақтастығымызды дамытып, серпіліс жасай аламыз деп ойлаймын. Сондай-ақ біз логистика, цифрландыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біз сауда серіктесі болуға және ЕО нарығында орын алуға Қазақстанды қолдауға дайынбыз, - деді В.Скиннари.

Осыған байланысты, бизнес-топтар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тұтынушыларды қазақстандық және фин өндірісінің өнімдерімен таныстыру үшін онлайн-форматта сауда миссияларын өткізуді қарастыру мүмкіндігін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025