Қоғам • 14 Мамыр, 2021

Тәуелсіздік мерекесі бір ай көлемінде тойланады

2216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің ақтық кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күнмен түйінделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қандай шаралар өтетінін атады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күн болмақ. Оның аясында мәдениет ұйымдарының күндері басталады. Күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтеді. Жыл бойы өнердің үздік үлгілерін жасауға, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларды өткізу жоспарланған», дейді ведомство басшысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше