Қазақстан • 14 Мамыр, 2021

Грузия басылымдары Әсел Айтпаеваның өлімі туралы тергеу құжаттарын жариялады

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның ақпарат көздері отандасымыз Әсел Айтпаеваны зорлап, өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін күдікке ілінген қылмыскер Бесик Тордуаны тергеу құжатының көшірмесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузия басылымдары Әсел Айтпаеваның өлімі туралы тергеу құжаттарын жариялады

«Эхо Кавказа» басымының мәліметінше, жергілікті «Свобода» радиосының өкілдері Бесик Тордуа туралы тергеу құжатының көшірмесін алған. Тергеу марқұмның өлімінен кейін 20 сағаттан соң жүргізілген. 

«Тергеу барасында Б.Тордуа қазақстандық кәсіпкерлермен сәуірдің басында «Казтрансавто» компаниясын құрғанын мәлімдеген. Күдіктінің айтуынша, Әсел өзінің күйеу баласы Мұрат Мейірбековтің шақыртуымен 27 сәуірде Грузияға кетіп, соның үйінде болған. Ал 30 сәуірде Әселді оның күйеу баласы екі рет зорлағанын, артынша өзін сол үйге көшуді ұсынғанын айтты», деп жазады басылым. 

Сондай-ақ басылым күдікті мен марқұм арасындағы зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын да ашық жазған.