Аймақтар • 15 Мамыр, 2021

Батыста жас сарбаздар атыс жаттығуына қатысты

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған жас сарбаздар алғаш рет атыс жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыста жас сарбаздар атыс жаттығуына қатысты

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу гарнизондарының 200-ден астам әскери қызметшісі алғашқы жауынгерлік атыс жаттығуын өткізіп, «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілерінің жолағын бағындырған.

«Атыс жаттығулары – жас сарбаздрдың даярлық үрдісінің шешуші кезеңдерінің бірі. Әскерилер бұл іс-шараны «оқ-дәрінің иісін сезу» деп те айтады. Жас сарбаздардың алғашқы әскери дайындығы бірнеше кезеңнен, 24 күнге созылады. Осы кезеңде сарбаздар тактикалық, атыс, дене шынықтыру, атыс дайындығы сияқты пәндердің негізгі түсініктерімен танысады. Сондай-ақ жас сарбаздар саптық жаттығу элементтерін, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, жалпы әскери ережелерді меңгереді», дейді жас сарбаздар взводының командирі, лейтенант Ғазиз Ерсейітов.

Алғашқы атыс жаттығуының қорытындысымен ең жақсы нәтижені 100-ден 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Ермек Мұханалин көрсетті.

«Мен командирлердің барлық нұсқауын орындадым. Келесіде бұл нәтижені жақсартуға тырысамын. Біз жауынгерлік дайындықтың негіздерін қызығушылықпен үйреніп, ант беруге дайындалып жүрміз. Қасымдағы жас сарбаздарда Отанға қызмет етуге деген ықылас та, талпыныс та бар», дейді Ермек Мұханалин.