Мадридтік «Реалдың» бас бапкері ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін мәлімдеді.
Кейбір басылымдар 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршағандықтан, клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келетінін жазды.
Ол «Реал Мадридті» 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.
36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. «Атлетико Мадрид» 80 ұпаймен көш бастап келеді.