Руханият • 17 Мамыр, 2021

Тұңғыш Президент саябағының құрылысы басталды

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаруды басты ұстаным еткен Ақтау қаласы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір жаңа нысанмен толықпақ. Бұл – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы.

Тұңғыш Президент саябағының құрылысы басталды

Маңғыстау облысы әкімінің бас­пасөз қызметі хабарлағандай, саябақ қаланың жаңа 40-шағын ауданында орналасады. Аумағы 23 гектар жерді алады деп белгіленген нысанда қала тұрғындарының бел­сенді демалуына арналған алаңдар, бірнеше саябақпен серуендеу аймағын салу жос­пар­ланған. Гүлдер аллеясы, музы­калық субұрқағы, балалар ойын алаң­дары, спорттық жүгіру және вело­сипед жолдары орнатылады. Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды жел­ден қорғайтын қорғаныш болады.

Демалыс орны «BS stroy» ЖШС-ның жеке қаражаты есе­бінен тұрғызылады. «BS stroy» ЖШС –  өңірде сапалы да сәулетті тұрғын үй құры­лыстарын, қала көркін асы­рар көркем ғимараттар тұрғы­зумен танылған компания.

Танымал компания тіз­гінін өз қолына алған үлкен саябақтың құрылысын 2026 жылы толық аяқтау жос­парланған.

 

Маңғыстау облысы