Әлем • 17 Мамыр, 2021

Түркияда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Түркияда қатаңдатылған локдаун шаралары жеңілдетіліп, қалыпты өмірге кезең-кезіңімен оралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

«Қалыпты өмір салтына оралу күнтізбесін 17 мамырдан бастап жариялаймыз. Бұл – біздің үкімет отырысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі», деді Режеп Тайып Ердоған.

Сонымен бірге президент билік жұмысына пандемияның айтарлықтай кері әсер еткенін айтып, жақын арада кедергілерді жоюға уәде берді.

Дегенмен Р.Ердоған қазіргі уақытта белгілі бір шектеулерді жоюдың шарттары мен мерзімін нақтылауға індет мүмкіндік бермей отырғанын айтты.

Айта кетейік, Түркияда коронавирусты жұқтырғандар санының күрт өсуі наурыз айында басталып, 16 сәуірде ең жоғары деңгейге жетті. Осы уақытта індетке шалдыққандардың саны 63 082-ден асып кеткен еді. Осыған байланысты түрік билігі 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында елге локдаун енгізді.