Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Атырау облысы «қызыл аймаққа» қайта кірді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше күн «сарыда» тұрақтаған Атырау облысында қауіпті вирустың беті қайтар емес. Бұл аталған өңірдің «қызыл аймаққа» қайта кіруіне себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы «қызыл аймаққа» қайта кірді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 77 адам сауығып шыққан. Алайда, 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алған.

«Соңғы тәулікте қауіпті вирус жұқтырғандардың арасында Атырау қаласынан 49 адам бар. Теңіз кен орнында 13 науқастан коронавирус инфекциясының белгісі расталды. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 5, Жылыойда – 4, Мақатта – 4, Индерде – 1, Қызылқоғада 1 тұрғыннан Covid-19 індеті анықталды. Оның ішінде 33 науқаста коронавирустың симптомды түрі байқалды» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірде 638 науқастың үй жағдайында емделіп жатқаны белгі болды. Ал, инфекциялық стационарларда 518 науқас жатыр. Мәселен, модульдік ауруханада – 147, Атыраудағы №2 облыстық ауруханада – 121, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 121,  фтизиопульмонологиялық орталықта 53 пациент оқшауланған.