Жалын Қостанай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама диспетчер пультіне сағат 12:50-де түскен.
– Жеке тұрғын үй секторында бес ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталуда. Әзірге толық сөндірілген жоқ, – деді департаментте.