Парламент • 17 Мамыр, 2021

Қазақстан Литвамен парламентаралық байланыстарды нығайтуға ниетті

3 рет көрсетілді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктес елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «COVID-19» пандемиясына қарамастан 482 млн АҚШ долларынан асты.

Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан.

Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литва тарапының біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

«Барысқа» жаңа қақпашы келді

Хоккей • Бүгін, 09:18

COVID-19: Босаңсуға болмайды

Әлем • Бүгін, 08:51

Тілге құрмет – елге құрмет

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Ұқсас жаңалықтар