Спорт • 17 Мамыр, 2021

Атырауда бокстан V жастар ойыны өтіп жатыр

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өңір орталығындағы «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының бокстан V жастар спорттық ойындары басталды.

Атырауда бокстан V жастар ойыны өтіп жатыр

Төрт жылда бір өтетін спорттық сайысқа 400-ге жуық жас былғары қолғап шебері бақ сынауға кірісті. Боксшылар 11 салмақта сынға түседі. Жеңімпаздар 23 мамырда анықталады.

ы

«Тәуелсіздік алғаннан бері спортшыларымыздың спорттың әр түрінен байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүргеніне куә болып келеміз. Егемен Қазақстанымыздың рухы биік, ерік-жігері мықты, дені сау жас ұрпағын тәрбиелеуде мұндай спорттық шараның маңызы зор» деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.