Қоғам • 18 Мамыр, 2021

«Өзін өзі тану» тақырыбы бойынша баяндама жасалды

536 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Елена Сәкенова «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңі тура­­­лы: жетістіктер, өзекті мәселелер мен перспективалар» тақырыбы бойынша тікелей эфирде баяндама жасады.

 

«Өзін өзі тану» тақырыбы бойынша баяндама жасалды

Е.Сәкенова «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білі­мі өзінің дамуының 25 жылы ішінде бір пәннің шең­берінен шығып, тәрбие жүйе­сінің қасиеттерін тудыра отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық салаларын қамтығанын атап өтіп, «Өзін-өзі тану» пәні мен мектеп пәндерінің интеграциясы білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары мұғалімнің жеке басы арқылы жүзеге асырылатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар мұғалімдерге мектеп пәндері мазмұнының құндылық әлеуетін өзектендіру және осы негізде әр оқушының әлеуетін ашу және оның жеке басын жетілдіруге ықпал ету секілді міндеттер қойылды.

«Бөбек» орталығының бас директоры білім алушылар арасында өткізген «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту оларға не береді?» деген сауалдама нәтижелеріне де кеңінен тоқталды. Соның нәтижесінде өз-өзін түсінуге, өздері жа­­йында, жеке қасиеттері туралы ойлауға үйренетіндерін және өз бойларындағы өзгерістерді байқағандарын көрсетті. Содан кейін тыңдаушыларға қанатқақты білім беру ұйым­дары қызметінің нәтижелері туралы да мол ақпарат ұсы­нылды.

Адамның үйлесімді да­­­м­уы ұлттық институтының ашы­л­уы – «Өзін өзі тану» бағ­­­дарламасын жүзеге асы­ру­дың қазіргі кезеңіндегі ма­ңызды сәттердің бірі. Оның не­гізгі мақсаты – Қазақстан Рес­публикасының Білім беру жүйе­сінің барлық деңгейінде білім алушылардың зият­кер­лік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу жүйе­сі­нің негізі ретінде «Өзін өзі тану» бағдарламасын іске асыру», деп атап өтті Е.Сәкенова.