Қаржы • 18 Мамыр, 2021

Қарыз көлемі аймақтардағы жалақыға байланысты емес

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Микроқарызды көп мөлшерде аймақтардағы қазақстандықтар алады, себебі олардың жалақысы төмен», деген ел арасында жаңсақ пікір бар. «Robocash Group» («Займер» ОНС) халықаралық қаржы холдингі мамандары экономикалық есептеулер негізінде зерттеу жүргізіп, қазақстандықтардың жалақысы мен олардың әдетте қарызға сұрайтын сомасының арасында еш байланыс болмайтынын дәлелдеді.

 

Қарыз көлемі аймақтардағы жалақыға байланысты емес

Ұлттық статистика ко­ми­тетінің ресми мәлімет­теріне сү­йене отырып, ком­пания ана­ли­тиктері рес­пуб­лика аймақ­та­рындағы орташа жалақы мен олар­дың әдетте қарызға сұрайтын сомасын салыстырды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында орташа жалақы 349,6 мың теңге, ал сұ­ралатын қарыз сомасы 76,6 мың теңгеден аспайды. Алматыда орташа жалақы айтар­лықтай жо­ғары, яғни 274,4 мың теңге, ал сұ­ралатын қарыз сомасы Нұр-Сұл­тандағыдай – 75,1 теңге.

Солтүстік Қазақстанда жала­қы орта есеппен 168,9 мың тең­гені құрайды, бірақ аталған өңір тұр­ғын­­дары қарыз сомасын әдет­те 56,9 мың теңгеден асыра қой­майды. Бас­қа өңірлерде де жағдай осыған ұқсас.

«Анализ барысында, келесі жағдайды байқадық: неғұрлым жалақы төмен болса, қарыз сомасы да соғұрлым төмен. Демек қазақстандықтар өздерінің қаржы мүмкіндіктерін жақсы біледі және ең бастысы, қарызды көп сұрап алып, одан кейін оны қайтара алмай қалып, дәрежесін түсіріп алудан қорқады. Сол себепті, қай­таруға шамасы келе­тін соманы ғана алады.­ Десек те Түркістан және Жам­был облыстары көз­ге ерекше түсіп отыр. Атал­ған өңір­­лерде орташа жалақы басқа өңір­лермен салыс­тырғанда төмен бол­ғанына қарамастан, облыс тұрғындары ең жоғары қарыз сомасын алушылар қатарына кіреді екен. Оның себебі, Жамбыл мен Түркістан облыстарында бизнесмендер өте көп, олар қарызды биз­­несін дамыту мақсатында алады», дейді «Займер» сервисінің ма­­мандары.