Өнер • 12 Мамыр, 2025

Әлібек Қайырбек Эверест етегінде қазақ күйін күмбірлетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі домбырашы теңіз деңгейінен 6189 метр биіктікте орналасқан Эверест етегінде - Айленд Пик шыңын бағындырды, деп хабарлады Egemen.kz.

Әлібек Қайырбек Эверест етегінде қазақ күйін күмбірлетті

Қаллеки театры халық аспаптар ансамблінің мүшесі, домбырашы Әлібек Қайырбек - қасиетті домбыраны әлемнің ең биік нүктелерінде күмбірлетіп жүрген өнер иесі. Бұл жолы ол Айленд Пик шыңының басында қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай күй орындап, ұлттық өнерді биікке көтерді. Бұл орындау театрдың халық аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі, марқұм Маралжан Мырзақұловаға арналды.

Экспедиция халықаралық «Әлем шыңдарындағы домбыра» жобасы аясында өтті. Бұл жобаның негізін қалаған Әлібек: «Қазақ күйінің үнін әлемнің ең биік нүктелеріне жеткізу басты мақсат» - дейді.

Сапар барысында Әлібек Кала Паттар шыңына (5644 м) көтерілді. Сонымен қатар, Кхумбу өңірінің ауылдарында шағын концерттер беріп, қазақтың қасиетті домбырасын жергілікті халыққа таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25