28 Сәуір, 2010

ЖАРЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті 8-9 мамыр күндері Алматы қаласында БАҚ өкілдері арасында жыл сайын шағын футболдан өтетін дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұл атындағы республикалық турнир өтетіндігін хабарлайды. Турнир мақсаты –  еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында “Ұлт денсаулығы” бағдарламасының аясында бұ­қа­ралық спортты, оның ішінде футболды дамыту, саламатты өмір салты мен еліміз футболын халық арасында насихаттап, турнир арқылы ең үздік өнер көрсеткен БАҚ коман­далары мен өкілдерін анықтау. Аталмыш додаға бұқаралық ақпарат істері жөніндегі органның, меншіктің барлық түрлеріндегі газет-журнал редакцияларының, телерадио хабарлар тарату саласы мекемелерінің командалары жіберіледі. Команда БАҚ-тың тек шығармашылық ұжымы, дәрігердің анықтамасы, жеке фотосуреті бар қызметтік куәлігі мен еңбек кітапшасы бо­йын­ша ғана қабылданады. Турнирге тапсырыс 7 мамыр күні Алматыдағы “Темір дос” спорт кешенінің 2-ші қабатындағы конференция залында сағат 17.00-де қабылданады (Жамбыл мен Наурызбай батыр көшелері қиылысында). Мандаттық комиссия да осы мекен-жайда жұмыс істейтін болады. Анықтама телефондары: Туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті – 8 (7172) 75-35-19. Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы – 8 (7172) 91-15-29.