Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды, деп хабарлайды

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қайсенов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл  жетті. Анықталғандай, от подъез ішінде 3 және 4-қабаттардағы электресептегіштен шыққан.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 36 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ түтін тұмшалаған подъезден 12 адам құтқарылған. Көп ұзамай 4 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуінен. Қызыл жалынды өшіруге жеке құрамнан 23 адам мен 7 техника жұмылдырылды», деп хабарлады ведомство өкілдері