Қоғам • 18 Мамыр, 2021

Шенеуніктерге 3,4 миллион теңге айыппұл салынды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеуніктерге 3,4 миллион теңге айыппұл салынды

Мәлімет бойынша, агенттік 102 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Шенеуніктер рұқсат беру мерзімдерін ұзартқан және тәртібін бұзған, сондай-ақ, оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды.

Соттардың шешімі бойынша, 54 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың 12 және жергілікті атқарушы органдардың 42 қызметкері.

Әкімшілік жауапқа мына лауазымды тұлғалар тартылды:

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасары,

Әділет министрлігі департаментінің директоры,

Орталық мемлекеттік органдардың ведомство бөлімшелерінің 8 басшысы,

Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің облыстық басқармаларының (Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу) 3 басшысы,

Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері және 4 ауылдық округ әкімдері сондай-ақ, жер қатынастары бөлімінің басшысы,

Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 5 басшысы,

Аудан әкімдіктерінің 2 лауазымды тұлғасы жазаланды.