Парламент • 18 Мамыр, 2021

Террористер қоғамға қайта бейімделе ме?

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Шетелдік террорист-содырларды сотпен қудалау, ақтау және реинтеграциялау: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында тыңдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Террористер қоғамға қайта бейімделе ме?

Шараны ЕҚЫҰ ПА Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі арнаулы комитеті ұйымдастырды. Оған сенатор Қайрат Қожамжаров қатысты.

Іс-шараға қатысушылар «Жусан» және «Русаф» операцияларының негізгі нәтижелері, оның ішінде осындай операцияларды әзірлеу кезінде жасалған саяси және дипломатиялық жұмыстар туралы айтып берді.

Қазақстан өз азаматтарын Сирия мен Ирактан репатриациялаған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекеттердің бірі болғанын атап өткен жөн. 2019 жылы Қазақстан билігі екі операция жүргізді, оның нәтижелері бойынша 600-ден астам отандасымыз елге қайтарылды, олардың 400-ге жуығы балалар.

Кездесуге қатысушылар репатриацияны жүзеге асыру, шетелдік террорист-содырларды және олардың отбасы мүшелерін тиімді қудалау мен оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға кедергісіз қайта бейімдеу мәселелерін талқылады.