Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Солтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл соқты

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Тайынша ауданында екпіні секундына 33 метрге дейін жететін дауыл тұрған. Көптен жаңбыр жаумағандықтан қатты жел шаңды көтеріп, көру мүмкіндігі 500 метр радиуста шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл соқты

«Бұл кенеттен туындайтын гидрометеорологиялық құбылыс, ауа массасы ауысқан кезде және температура өзгергенде пайда болады. Талшық елді мекенінде орналасқан автоматтандырылған метестансасында да шаңды дауыл тіркелді. Ол ауылда желдің екпіні секундына 24 метрге дейін жеткен. Бұл ауа райының қауіпті құбылысына жатады», дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Дәл осындай дауыл Уәлиханов ауданының Кішкенекөл елді мекенінде де байқалды. Ол жерде желдің екпіні секундына 17 метр болған.