Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жастағы бала жол апатына түсті

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз жүргізіп, жол апатына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жастағы бала жол апатына түсті

17 мамыр күні сағат 22:00-де Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны 8 наурыз көшесіндегі үйдің ауласында Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігіне жөндеу жүргізіп, оны оталдырып, уақытша көлік жанынан кетіп қалған. Осы сәтте 12 жасар ұлы әкесінің автокөлігінің салонына отырып, көлікті жүргізген. Салдарынан 8 март көшесіндегі ауладағы металл қоршауды қағып кеткен.

Содан кейін көлік иесі оқиға орнынан көлікті айдап кетіп, бұл туралы ІІО-ға хабарламаған. Алайда тұрғындар болған жағдайдың бәрін телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан.

Полиция өкілдері бір сағат ішінде жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты. Автокөлік иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 611-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.