Оқиға • 18 Мамыр, 2021

Бұрын істі болған Петропавл тұрғыны полицейге шабуыл жасады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын сотталған Петропавл тұрғыны полицейге шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын істі болған Петропавл тұрғыны полицейге шабуыл жасады

 

16 мамыр күні кешке «102» пультіне Горький көшесіндегі үйлердің ауласындағы балалар алаңында мас ер адамның жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру бойынша жақын маңдағы автопатруль мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жаяу наряды тексеруге барған.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше патрульдік топ келген кезде күдікті қарсылық көрсеткен, дөрекі сөздер айтып, тәртіп сақшыларының біреуіне жұдырық ала ұмтылған. Полицейлерге басбұзардың қолына кісен салуына тура келген.

Тексеріс барысында құқық бұзушының бұрын бұзақылық жасап, суық қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталған 38 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Медициналық куәландыру масаңдық деңгейін көрсетті.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша материал жиналып, сотқа жолданды.

«Бұдан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша материал жиналды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды не 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін еске саламыз. Түбегейлі шешімді құзырлы орган шығарады»,  дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов.

Күдікті қайтадан темір торға қамалуы мүмкін. Тәртіп сақшысының денсаулығына қаншалықты зиян келтірілгенін сараптама қорытындысы анықтайды.