Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Аудандық ауруханаға компьютерлік томография берілді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығынан шалғайдағы Құрманғазы аудандық ауруханасы компьютерлік томографиямен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық ауруханаға компьютерлік томография берілді

Құны 360 миллион теңгелік компьютерлік томография Каспий құбыр консорциумының демеушілігімен сатып алынған.  

«Жапондық «Hitachi» компаниясы шығарған медициналық аппарат (SUPRIA моделі) адам  денесін толық диагностикалауды қамтамасыз ететін 128 бөлімді сканерден өткізеді. Радиациялық жүктемені азайту үшін «IntelliEC» дозасын интеллектуалды қайта бөлу алгоритмі мен «IntelliIP» итерациясының заманауи әдісі қолданылады. Бұл визуализация сапасын жоғалтпай, дозалардың өте төмен мәндерімен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, бұл аппараттың коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттер үшін қажеттігі туындапты. Қазір өңірдің ауруханалырнда 12 компьютерлік томография, 4 МРТ, 41рентген аппараты, 669 оттегі концентраттары, 1514 импульстік оксиметрлері, 267 өкпені жасанды желдету аппараттары мен 8 оттегі станциясы бар.