Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Атырауда «сөйлейтін» аялдама бар

2280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһардағы аялдаманың бірі «сөйлейтін» болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда «сөйлейтін» аялдама бар

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Авангард-4 шағын ауданындағы «Перзентхана» аялдамасына арнайы ақпараттық таблосы бар тақта орнатылды. Бұл – шаһардағы алғашқы пилоттық жоба.

«Ақпараттық тақта қала әкімінің бастамасымен орнатылды. Оны «Смарт Атырау» КММ әзірледі. «Перзентхана» аялдамасындағы ақпараттық таблода маршрут нөмірі, соңғы аялдама мен автобустың келетін уақыты көрсетіледі. Ал, нашар көретін және зағип жандар үшін дауысты нұсқасы бар. Дауыспен хабарлау екі тілде – қазақша және орысша айтылады. Аталған деректерді білу үшін сары батырманы басу қажет. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолжетімді орта құру үшін жасалды», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.