Қоғам • 19 Мамыр, 2021

Белгілі экономист Аманжол Қошанов өмірден өтті

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі ғалым-экономист, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошанов 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі экономист Аманжол Қошанов өмірден өтті

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Аманжол Қошанов – нарықтық экономика теориясы саласында еліміздің жетекші ғалым-экономисі. Оның радикал экономикалық реформа, меншік қатынастарын қайта құру және кәсіпкерлікті дамыту, жаһандану және аймақтық интеграция жағдайындағы ұлттық экономикалық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздік жүйесі мәселелері бойынша еңбектері елде және шетелде танымал.

Аманжол Қошанов 400-ден аса ғылыми жарияланым авторы, 38-ден аса монографиялық еңбегі бар. Ғылыми және қоғамдық қызметтегі еңбегі, экономика ғылымының дамуына қосқан үлесі зор. Белсенді қоғамдық жұмысы үшін Аманжол Қошанов Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2004 жылы «Парасат» орденімен, 2014 жылы III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Білім және ғылым министрлігі ұжымы Аманжол Қошановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45