Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың біріне қатысты кедендік бақылау департаменті қылмыстық іс қозғады.
Мұнай өндіруші компанияның қылмыстық іске негіз болған әрекеті пост-кедендік бақылау басқармасының камералды бақылауы кезінде байқалған. Жоспардан тыс тақырыптық тексеруде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару дерегі анықталды. Яғни, кен орындарынан мұнай-газ конденсаты мен көмірсутек шикізатын өндіруге қажетті жабдықтар мен қондырғыларды әкелу барысында мемлекет бюджетіне төленуі тиіс кеден бажы мен қосымша құн салығының 7 млн. 442 мың теңгесі кем төленген. Аталған тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Еркін ӘБІЛ, ҚЫЗЫЛОРДА.