Қоғам • 19 Мамыр, 2021

Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 4 пен 18 жас арасындағы 4 миллионнан астам баланың үштен бір бөлігі ғана шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?

Вице-министр Ерлан Қожағапанов бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік тапсырыстың жаңа механизмі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндап, ата-аналарға үндеу жасады.

«37% деген не? Демек, 1,5 млн бала спорттық және шығармашылық секциялармен, үйірмелермен қамтылған. 2,5 миллионнан астам баланың мұндай мүмкіндігі жоқ. Бүгінде мемлекет жергілікті атқарушы органдар арқылы балалардың үйірмелер мен спорт секцияларына баруын қаржыландырады. Мен барлық ата-аналарды осы мүмкіндікті белсенді пайдалануға, порталға және мемлекет есебінен тіркелуге, кәсіби спорттан алып, балалар мен жасөспірімдер спортына бағыттайтын қаражат есебінен, өз балаларын спортқа, мәдениетке, шығармашылыққа баулуға шақырамын... Бұл бірегей мүмкіндік. Оны белсенді пайдалану керек»,  деді вице-министр.

Ақпараттық жүйеге artsport.edu.kz сілтемесі бойынша кіруге болады. Сондай-ақ онда өңірлер бойынша үйірмелер мен секциялардың өзекті тізімі ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025