Оқиға • 19 Мамыр, 2021

Елордада 1 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда бір жасар бала көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 1 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Оқыс оқиға 18 мамыр күні болған. Бұл уақытта анасы басқа бөлмеде кір жуып жатқан. Бір жасар баламен бірге пәтерде анасы және екі жастағы ағасы да болған. Бала москит торына сүйеніп тұрмақшы болған, алайда баланың салмағы басым болып құлап кетеді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі ата-аналарды балаларын көзден таса қылмауға шақырады. Ведомство өкілдері балалардың жиі жаралануы немесе негізгі өлімінің себебі ата-ананың қадағалауынсыз қалуынан екенін айтады.