Әлем • 19 Мамыр, 2021

Әскери ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусияның Барановичи маңында әскери ұшақ құлап, екі әскери ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

«Оқу-жаттығу кезінде экипаж техникалық ақаудың барын анықтады. Ұшқыштар ерлік пен батырлық көрсете отырып, ұшақты елді мекеннен алып кетуге тырысты. Ұшақтың құлау траекториясы тұрғын үйлерден алыс екеніне көз жеткізгеннен кейін олар катапульталанды.

Өкінішке қарай, екі ұшқыш та қаза тапты»,  делінген хабарламада.

Бортта 116-шы оқу-жауынгерлік эскадрилья бөлімінің командирі майор Ничипорчик Андрей Владимирович және 116-шы оқу-жауынгерлік эскадрилья  Куканенко Никита Борисович болған.