
Стенд атудан Trap-mix санаты бойынша қазақстандық атлеттер топ жарды. Жұптық кезеңде Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенка финалда италиялық Симоне Дамбросио мен Грета Луппиді жеңді. Жарыстың қола жүлдесіне тағы бір италиялық жұп Ерминио Фраска мен Эрика Сесса ие болды.