Әлем • 20 Мамыр, 2021

Түркия президенті дүние жүзіне үндеу жасайтынын айтты

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 20 шілдеде дүние жүзіне жолдау жасайтынын айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия президенті дүние жүзіне үндеу жасайтынын айтты

«20 шілдеде Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барып, Солтүстік Кипр туралы қажетті жолдауды жасаймын деп үміттенемін. Бұл тек аралға емес, бүкіл әлемге қатысты», деді Ердоған Анкарада жастармен кездесуінде.

 

Кипр 1974 жылдан бері грек және түрік қауымдастықтары арасында бөлінген. 1983 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) егемендігін жариялаған, алайда оны тек Түркия ғана мойындаған. Кипрді біріктіру бойынша грек және түрік қауымдастықтары арасындағы келіссөзге БҰҰ араласты. 2017 жылы Швейцарияның Кранс-Монтана қаласында өткен келіссөз сәтсіз болған еді.

2020 жылғы 18 қазандағы сайлауда жеңіске жеткен түрік-кипрліктердің жаңа жетекшісі Эрсин Татар Кипрдің конфедерал жүйесін қолдайды, ал грек-кипрліктер екі аймақтық екі қоғамды федералды мемлекет құруды ұсынады.