28 Сәуір, 2010

МҰРАҒАТ ДЕРЕКТЕРІ СЫР ШЕРТЕДІ

618 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында бүгінде құжаттар мен жаңа тарих орталығы деп атала­тын қалалық мұрағаттан сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертетін түрлі деректер оқтын-оқтын та­бы­лып қалып жатыр.Айталық, бір дерек семейлік Кенжебек Шә­кенов Днепрден өткендегі көзсіз ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы кеңес әскерінің күні қарсаңында алған­дығын айғақтайды. Ал екінші бір дерек келер жылғы дәп осындай мереке күні семейлік жерлестерін тағы бір Кеңес Одағының Баты­ры Василий Шулятниковтың құт­тықтағаны жөнінде сыр шертеді. Тәуелсіз еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бергі жерде бізде Отан қорғаушылар күні бас­қа күнге ауыстырылғаны барша­мызға мәлім. Солай дей тұрған­мен, тарихтың аты тарих. Сондықтан өткенді де біржолата сызып тастауға болмайды. Енді жоғарыда аталған орта­лықтан табылған мына бір дерек­ке көңіл аударайық. Майдангер Насыр Кенбаев 1943 жылы елдегі қалыңдығы Әтина Қасымбеко­ваға кезекті бір хатын жолдамай ма. Өкінішке қарай, ол хат иесі­нің қолына тимей жоғалып ке­теді. Бұл екі аралықта майдангер соғыстан аман-есен оралып, сүй­ген жарына қосылады. Содан арада ұзақ ондаған жылдар өткен соң Ұлы Отан соғысы туралы те­ледидардан хабар көріп отырған Насыр ақсақал өзінің қолымен жазылған әлгі хатты көріп қалады. Осыған дейін де, содан кейін де талай көрмеге қойылған хаттың түп нұсқасы ақыры хат иелерінің қолына тиеді. Бүгінгі күні жастары тоқсанға жақындап қалған Насыр ақсақал мен Әтина әже балалар, немере- шөберелерімен, ағайын-туыста­ры­мен бірге Жеңістің 65 жылды­ғын қарсы алуға қамданып отыр. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,Семей.