Қазақстан • 20 Мамыр, 2021

Алексей Цой қымбат вакцина сатып алудың себебін түсіндірді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шетелдік вакцинаның бағасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой қымбат вакцина сатып алудың себебін түсіндірді

Сенатта келтірілген мәліметке қарағанда, екі компонеттен тұратын Hayat-vax 62,2 доллар, «Спутник» – 26 доллар, отандық QazVac - 9,4 доллар сомасында тұрады.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой вакцина бойынша белгіленген құн өндірушінің өзі қойған бағамен белгіленгенін атап өтті.

«Бізге қысқа мерзімде Қазақстан нарығында вакцинаның қолжетімдігін қамтамасыз ету және адамдарға таңдау жасауға мүмкіндік беру өте маңызды. Өндірушілермен келіссөздер барысында вакцина жеткізуде тапшылық бар екенін білесіздер, яғни әр өндіруші тиісті лимит қойған. Біздің мақсат – қысқа мерзімде Қазақстан халқын вакцинамен барынша қамтамасыз ету. Сондықтан бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр және бұл вакциналар елімізде иммундау бағдарламасымен қамтылған», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35