Аймақтар • 20 Мамыр, 2021

Атырау полицейлері пәтер тонаған 8 ұрыны ұстады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау полицейлері арнайы іс-шара кезінде пәтер тонаған 8 ұрыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау полицейлері пәтер тонаған 8 ұрыны ұстады

Өңір аумағында 19-21 мамырда «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.  Мақсат – пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар күдіктілерді анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту.

«Қауіпсіз аула» жобасының шеңберінде көпқабатты үйлердің кіреберісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін ПИК-термен байланыс ұйымдастырылып жатыр. Іс-шара кезінде облыста өткен жылдары жасалған 4, бұрын болған пәтер тонауға қатысты 3 ұрлық ашылды. Пәтер ұрлығы қылмысын жасағаны үшін 8 күдікті ұсталды. Оның біреуі осы кезге дейін іздестіруде болған» дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025