Технология • 20 Мамыр, 2021

«Ashyq» қосымшасының баламасы пайда болды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ashyq» қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ashyq» қосымшасының баламасы пайда болды

Бүгінгі таңда Цифрлық даму министрлігі қосымшада болған ақаулардың себебін анықтап жатыр.

Осы орайда ведомство өкілі бизнес нысандарына еркін кіру үшін «Ashyq» қосымшасына балама ретінде «Aitu» қосымшасы ұсынды. Егер техникалық жұмыстар салдарынан «Ashyq» қосымшасы қолжетімсіз болса, онда «Aitu»-ды пайдалану мүмкіндігі бар.

«Бірнеше апта бұрын BTS компаниясы «Ashyq» қосымшасын «Aitu»-мен интеграциялауды ұсынған болатын. Біз келістік, себебі мультиплатформалық қағиданы ұстанамыз, мысалы мемлекеттік қызметтерді банк қосымшаларына шығарып едік қой, сол сияқты. Неге «Aitu»? Біріншіден, BTS – мемлекетпен жұмыс істеген компания. Яғни олар деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік туралы меморандумға қол қойған. Екіншіден, «Aitu» да «Ashyq» сияқты жай ғана құрал, онда ПТР республикалық базасындағы мәліметтер сақталмайды, тек қана қажетті ақпаратты бір реттік көрсетілім үшін «тартады». «Aitu»-да «Ashyq» пилоттық тәртіпте жұмыс істеуде, ресми түрде кейінірек қосылуы керек еді. Бірақ функционалды сынақтан өткізетін кез келген сияқты», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

«Aitu»-дағы «Ashyq»-ты қалай қолдану керек? https://i2.app.link/OrbgU0JOdgb сілтемесі арқылы өтіп, «Aitu» қосымшасын жүктеп, «Қосымшалар» бөлімінде «Ashyq» енгізіп, орнатасыздар. «Aitu» қосымшасында «Ashyq» функционалы бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтін болады.