Қазақстан • 20 Мамыр, 2021

Киіктерді видео-фотоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook желісінде көпшіліктің киік құралайымен түскен фото-видеоларына қатысты сын-пікірге түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киіктерді видео-фотоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты пікірде халықтың азаматтық позициясының артып, қоршаған ортадағы жағдайларға бейжай қарамайтын азаматтардың көптігі сөз болды.

«Оспан Әлінің киікті қорғаймын деп құрбан болған Ерлан Нұрғалиевтің құралаймен түскен әйгілі фотосының авторы екенін білесіздер. Туынды киіктерді қорғаудың символына айналып кетті десе де болады. 

Ал соңғы түсірген суреттерінің мақсаты - сұлу табиғатымызды көрсетіп, насихаттау, адамдардың сұлу жануарға махаббатын ояту арқылы қорғауға атсалысуға итермелеу еді», дейді Самал Ибраева. 

Сондай-ақ жай ғана қызығушылық танытып, құралаймен суретке түсе беруге болмайтынын жеткізді.

«Төлдеу уақытының маңыздылығын ескере отырып, мен салаға жаны ашитын, бейжай қарамайтын адам ретінде төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге басшылылққа өтініш беруге шешім қабылдадым. Себебі, дәл қазіргі уақытта ондай нақты регламент жоқ екен. Бұл шараны Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен талқылайтын боламыз», деді ол.

Айта кетейік, осы аптада әлеуметтік желіде құралаймен фотоға түскен интернет қолданушылары қалың жұртшылықтың сынына қалған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025