Қоғам • 20 Мамыр, 2021

2020 жылы ажырасулар саны азайған

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, былтыр елімізде ажырасулар саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

2020 жылы ажырасулар саны азайған

«Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы ажырасулар саны 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген. 2019 жылы - 42,9% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 37,2% құраған. «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отабсылық мәртебесін арттыруға бағытталған үлкен имидждік жоба. Ол қазіргі кезде отбасы құндылықтарын нығайтуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдарда да, орталық деңгейде де бірқатар ірі жобалар іске асырылады. Мысалы, 2020 жылы 91 жоба ұйымдастырылды. 2021 жылы олардың саны 124-ке жетті»,  деді Ш.Байманов. 

Оның айтуынша, бұл жобалар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, институционализациялау, жастар арасында репродуктивті денсаулық, әртүрлі консультациялық қызметтер көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ әр өңірде жас отбасыларға түрлі консультациялық қызметтер ұсынатын «Бақытты отбасы» орталықтары ашылды.

Айта кетейік, биыл «Мерейлі отбасы» конкурсы өзгеше тәртіппен өтетіні жайында хабарлаған едік.