Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Түн ортасында жанжалдасқан жасөспірімдер ұсталды

1556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында бір топ жасөспірім түн ортасында жанжалдасып, шу шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түн ортасында жанжалдасқан жасөспірімдер ұсталды

Бұл туралы аудандық полиция бөліміне 20 мамырда сағат 23:40 шамасында хабар түскен.

«Бір топ жасөспірім Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылында орналасқан «Иранбақ» дәмханасының алдында өзара дауласып, шу шығарған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы көрсетілген орыннан кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүргені үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Жылыой аудандық полиция бөлімі аталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегін жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін Қылмыстық Кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.