Ресей астанасы Мәскеуде тректегі велоспорт бойынша Гран-при жарысы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде «скретч» бойынша үздіктер анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Әлішер Жұмақан қола жүлдеге ие болды.
Ресейлік Илья Щегольков екінші орыннан көрінсе, оның командаласы Иван Новолодский жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетерлігі, аталған жүлде Әлішер үшін екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы олжа болып отыр.