Тағайындау • 22 Мамыр, 2021

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Аққожина Бибігүл Бүркітқызы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қостанай таңы» газеті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты

Бибігүл Аққожина 1971 жылы туған. Қостанай мемлекеттік университетін «Психология мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары,  Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымында болды.

Бұл уақытқа дейін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған Эльдар Күзенбаев Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған еді.