Қазақстан • 22 Мамыр, 2021

Алматыда жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

Іс - шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы - министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті, «Almaty-Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметіне ҮЕҰ қатысу форматтарын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар аталған бағытты дамытуға арналған жаңа жобалар мен идеялар туралы ой бөлісті.

Дөңгелек үстел ҮЕҰ өкілдерінің бейресми сұхбаты мен актикоррупциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау аясында өтті.