Білім • 22 Мамыр, 2021

ЖОО-ның әскери кафедраларында әскери-оқытылған резервті даярлау жетілдіріледі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ.И Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әскери кафедралардың бастықтарымен семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

ЖОО-ның әскери кафедраларында әскери-оқытылған резервті даярлау жетілдіріледі

Биылдан бастап әскери кафедралардың студенттерін запастағы офицерлер, сондай-ақ запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша даярлау мәселесі талқыланды. Бұл 2020 жылы ҚР «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына тиісті толықтырулар енгізілгеннен кейін қолға алынды.

Қатысушыларға бірнеше  әскери кафедралардың базасында сынақтан өткен «Геотактика» тактикалық іс-қимылының виртуалды үдеткіш бағдарламалық жасақтамасы көрсетілді.

Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Талғат Қалышев семинар соңында әскери кафедраларда оқу-тәрбиелік үрдісін әрі қарай жетілдіру мен әскери-оқытылған резерв ретінде запастағы әскери қызметшілерді сапалы даярлауға қатысты міндеттерді нақтылады.

Айта кетейік, жақында ғана өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында бұл тақырыптың өзекті мәселе екені аталған еді.