Оқиға • 22 Мамыр, 2021

Елордада болған өрттен 10 адам құтқарылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда болған өрт кезінде 10 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада болған өрттен 10 адам құтқарылды

«21 мамырда елордалық өрт сөндірушілер Жеңіс даңғылы, 57 мекен-жайындағы өрт туралы хабарламаға шықты. Келген бойда төрт қабатты тұрғын үйде пәтердің ас бөлмесінде үй заттары мен жиһаздары жанып жатқан. Өрт 19:08 сағатта жедел оқшауланып, 19-11 сағатта жойылды. Өрт сөндіру барысында мамандардың күшімен жоғарғы қабаттардан құтқару маскаларының көмегімен 10 адам құтқарылды, оның ішінде ауырлығы орташа дәрежедегі улы газбен уланған 1 бала ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығуының алдын-ала себебі «ыдыс жуғыш машинаның электр сымдарының қысқа тұйықталуы» болды. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 6 бірлік техникасы, Полиция департаментінің, медициналық жедел жəрдем қызметкерлері жұмылдырылды.», делінген Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.