Аймақтар • 23 Мамыр, 2021

Маңғыстау облысы «қызыл» аймақтан шықты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы «қызыл» аймақтан шықты

Бұл туралы СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.