Аймақтар • 23 Мамыр, 2021

Атыраулық тұрғын атасының ескі қаруын полицияға тапсырды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһар тұрғындарының бірі атасынан қалған ескі қаруды полиция қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық тұрғын атасының ескі қаруын полицияға тапсырды

Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, «Қару» профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді мен жарылғыш заттарды сатып алу жалғасып жатыр.

«Әкімшілік полиция қызметкерлері тұрғындардан 13 тегіс ұңғылы, 4 иір ойықты қару мен 817 оқ-дәрі тапсыруға қатысты 15 өтінішті қабылдады. Мәселен, қала тұрғыны 18-калибрлі «Е57880» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапсырды. Оның айтуынша, мылтық атасынан қалған. Енді оған тапсырған қару үшін 26 253 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі» дейді Ерлан Биғамбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20