Спорт • 23 Мамыр, 2021

Ұлан Қонысбаев мансабын қайта жандандырмақ

817 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада «Тараз» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлан Қонысбаев мансабын қайта жандандырмақ

Жамбылдық клубтың түлегі соңғы екі жыл бойы жарақатына байланысты футболдан қол үзіп қалған еді. Өткен жылы Германияда жасатқан отасы сәтті өтсе керек, футболшы кәсіби мансабын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Қонысбаевтың «Тараз» клубымен бір мәмілеге келгені хабарланған еді. Ал кеше футболшы өзінің инстаграм парақшасында Тараздағы Орталық стадионда жүргенін жариялады.