28 Сәуір, 2010

ҰМЫТПАЙ ЖҮРСІН ҰРПАҒЫҢ...

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Отан соғысының отты жыл­дарын басынан кешіп, туған елінің, жас ұрпақтың бақытты бола­шағы үшін қаһармандықпен күрес­кен соғыс ардагерлеріне деген құр­мет пен ілтипат ұлғая түсуде. Ұлан-бай­тақ елімізде соғыс және еңбек арда­герлеріне қамқорлық пен көмек көр­сету аясының кеңе­йе түсуі де осы үдерістердің айқын айғағы. Мем­ле­кет басшысының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында аға ұр­паққа деген қамқорлық аясын кеңейту жөнінде атап айтылған болатын. Алматы қаласындағы 28-пан­филов­шылар саябағында майдан­гер­л­ерге арналып өткізілген “Жай­қала берсін бұтағың, ұмытпай жүрсін ұрпағың” атты акция соның бір жарқын көрінісі болды. Акция шеңберінде Ұлы Отан соғысының 30 ардагеріне және еңбек майданына қатысушыларға Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік медальдар салтанатты түрде тапсырылды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Медеу ауданының әкімі М.Бейдали Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға жылы лебіз білдірді. Мерекелік іс-шара барысында майдангерлермен қатар, қаладағы орта мектептің оқушылары 28-панфиловшылар саябағында жас шырша көшеттерін отырғызды. Бақыт БАЛҒАРИНА, АЛМАТЫ.