Ауа райы • 24 Мамыр, 2021

24 мамырға арналған ауа райы болжамы

38 рет көрсетілді

Қазгидромет синоптиктері 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстігінде – найзағай, солтүстігінде түнгі сағаттарда тұман болады», делінген хабарламада.

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылмен соғады.

Жамбыл және Қызылорда облыстарында жел күшейеді, күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Алматы облысының таулы аймағында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болады.

Соңғы жаңалықтар

Кабулда жарылыс болды

Оқиға • Бүгін, 17:08

Отандық фильмдердің үлесі артады

Қазақстан • Бүгін, 16:20

Алматыда бақылау күшейтілді

Коронавирус • Бүгін, 14:08

Ақша емес, абырой қымбат

Бокс • Бүгін, 13:04

Күршім өзені де ластана бастады

Экология • Бүгін, 12:38

Тіліксіз ота жасалды

Медицина • Бүгін, 12:20

Ұқсас жаңалықтар